Гавел сыйлығы түрмеде отырған түрік Кавалаға берілді
Гавел сыйлығы өмір бойына бас бостандығынан айырылған түрік филантропы Кавалаға берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Түрік кәсіпкері, меценат және белсенді Осман Кавала Вацлав Гавел атындағы адам құқығы сыйлығын жеңіп алды.
Бұл шешім ЕКПА-ның күзгі сессиясының ашылуында айтылды.
"Бүгінгі таңда, өз батылдығымен, қайсарлығымен және күшімен бостандық жолын көрсеткен әйелдер мен ерлерге құрмет көрсету бұрынғыдан да маңызды. Олардың күресі бәрімізге үлгі", - деді ЕКПА президенті Тини Кокс.
Түркияда Кавалаға «үкіметті төңкеруге әрекеттенді» деген айып тағылған.
Түркиядағы мәдени жобаларға көмектескен меценаттың өзі бұл марапатты әділетсіз түрмеге жабылған жерлестеріне арнады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: