Әлем19 мамыр 2024, 4:21

Газа секторында кескілескен ұрыс жалғасуда - AFP

Газа секторында кескілескен ұрыс жалғасуда. AFP жазуынша, Израиль қорғаныс күштері Хамас лаңкестік ұйымына қарсы әскери операция аясында белсенді ұрыс қимылдары мен әуе шабуылдарын қайта бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұрыс Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Рафах қаласында да, солтүстік аймақта да жүріп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, Газа секторының оңтүстік-шығысында соңғы 24 сағатта оқ пен граната жарылыстары қайта-қайта естіліп, Рафахтың оңтүстігінде израильдік жауынгерлердің шабуылы байқалған.

Рафах қаласындағы Кувейт ауруханасының хабарлауынша, Израильдің түнде жасаған әуе шабуылынан кейін босқындар лагеріндегі екі адам қайтыс болған.

Анклавтың солтүстігіндегі Джабалия қаласында 18 мамырға қараған түні қызу ұрыс болды.

Бір күн бұрын IDF Израильдің 2023 жылдың қазан айында Хамасқа қарсы әскери операциясы басталғаннан бері «ең ауыр» зорлық-зомбылық болғанын айтты.

Газа секторы шайқас әскери операция

Тақырыпқа жаңалықтар