Германияда палестиналықтарға қаржылық көмек туралы дау туды
Германияда палестиналықтарға қаржылық көмек туралы дау туды, - деп хабарлайды Arbat.media.
🔹 Германия ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылына байланысты Палестина ұлттық билігіне қаржылық көмек көрсетуді дереу тоқтатуы керек, - дейді Бундестагтағы Христиан-демократиялық одақтың оппозициялық фракциясының сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы отставкадағы, полковник Родерих Кизеветтер.
🔹 «Неміс салық төлеушілерінің ақшасы терроризм мен антисемитизмді қаржыландырмауы керек», - деді Фолькер Бек, неміс-израиль қоғамының президенті. Бұл ретте ол көмекті тоқтатуды емес, оны беру мен оның жұмсалуын бақылау шарттарын күшейтуді талап етті.
🔹 "Террор жағаңды ұстатады. Біз оған құр сөзбен жауап бермеуіміз керек", - деді Германияның қаржы министрі Кристиан Линднер Bild am Sonntag газетіне. Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі аталмыш оқиғаларға байланысты палестиналықтарға қаржылық көмек көрсету бойынша не істеу керектігі туралы ұсыныс дайындауы керек.
🔹 Солшыл партияның саясаткері Грегор Гизи «Палестиналық ұйымдарға көмектесу керек, бірақ ХАМАС-қа көмектеспеу керек» деген пікір білдірді, өйткені Израильге шабуылды «тек ХАМАС жасады».
Германия Палестина аумағындағы ең ірі донорлардың бірі. Федералдық экономикалық даму министрлігінің мәліметі бойынша, тек тікелей көмек жылына 50 миллион еуроны құрайды. Сонымен қатар, Германия бұл аумақтардағы БҰҰ мен үкіметтік емес ұйымдардың түрлі жобаларын қаржыландырады.
Айта кетейік, Джо Байден «Хамастың бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекеті жағдайында» Израильге қосымша көмек көрсетуге бұйрық берді, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі. Хабарламада ешқандай қосымша мәліметтер айтылмады.