Германияда Қытайдың пайдасына тыңшылық жасаған
Германияда Қытайдың пайдасына тыңшылық жасаған үш адам ұсталды. Германияның Tagesschau басылымы Федералдық бас прокурор Йенс Роммельге сілтеме жасап жазғандай, дүйсенбіде бұл іс бойынша Бад-Гомбург пен Дюссельдорфта рейдтер өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әйел мен екі ер адам компания құрып, оның көмегімен маңызды әскери ақпаратты алу және оны Қытайға беру үшін неміс университеттерімен ғылыми ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр деген күдікке ілінді.
Олар Қытай Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінде жұмыс істеген деген күдікке ілінген.
Алайда олардың неміс университеттеріндегі серіктестері бұл туралы білмеген.
Германиядан «сезімтал ақпарат» ҚХР-ға жеткен деген болжам бар.
Соның ішінде әскери кемелерге арналған жоғары өнімді қозғалтқыш туралы ақпарат бар.