Әлем11 маусым 2024, 1:56

Германиядан келген фирмалар Украинаға жаңа инвестиция салуды жоспарлап отыр

Неміс-украин сауда-өнеркәсіп палатасы мен KPMG консалтингтік компаниясы сәуір-мамыр айларында жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша Украинада жұмыс істеп тұрған 142 неміс компаниясының 43%-ында осындай жоспары бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан неміс компанияларының басшыларының 42%-ы алдағы 12 айда Украинадағы экономикалық жағдайдың жақсаруын күтеді.Тек 10% қарсы пікірде.

Сейсенбі күні Берлинде бизнес өкілдері, үкімет және қоғам белсенділерінің қатысуымен екі күндік неміс-украин конференциясы басталады.

Онда Ресей Федерациясының жаппай шабуылдары фонында Украинаға шұғыл көмек көрсету жолдары талқыланады.

Германия фирмалар Украина инвестиция салу

Тақырыпқа жаңалықтар