Әлем5 қараша 2023, 16:00

Германияның солтүстігінде орыстар мен украиндар қақтығысып қалды

Германияның солтүстігінде орыстар мен украиндар қақтығысып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сейсенбі күні сағат 20:00 шамасында төрт украин азаматы Бремендегі негізгі вокзал жанындағы орындықта отырған. Бәрі 19 жаста.

Алдын ала мәлімет бойынша, оларға жеті адамнан тұратын ресейлік топ келіп, әдейі арандатуға кіріскен.

Шабуылшылар украиндарды балағаттап, «Ресейге бостандық» деп айғайлаған.

Мұнан кейін 16 жастағы ресейлік жігіт тапанша алып шығып, украиндықтың басынан ұрған.

Төбелес болып, нәтижесінде шабуылшылар жас жігіттердің сағаты мен құлаққаптарының бірін алып қашып кеткен.

Полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстап, заңды өкілдеріне тапсырды.

Қақтығыстың қалған қатысушыларына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Германия орыстар украиндар Қақтығыс
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар