Йеменде Израиль армиясының шабуылынан үш адам қаза тапты
Йеменде Израиль армиясының шабуылынан 3 адам қаза тауып, 87 адам жарақат алды. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, зардап шеккендер Ходейда қаласындағы мұнай инфрақұрылымы мен электр станциясына түскен снарядтардан кейін «ауыр күйік» алған, деп хабарлайды Reuters. Жауап ретінде Йемендік хуситтер Қызыл теңіздегі Эйлат қаласына қарай зымыран атқылағанымен, Израиль әуе қорғанысы оны атып түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еске салайық, 20 шілдеде Израиль территориясына жасалған «жүздеген шабуылға» жауап ретінде Йемендік хуситтер бақылайтын Ходейда қаласына ЦАХАЛ бірнеше соққы берді.
Бір күн бұрын Тель-Авивте хуситтердің ұшқышсыз ұшағы жарылып, бір адам қаза тапты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: