Әлем5 қаңтар 2024, 13:00

ИГИЛ Ирандағы Сүлеймани бейітінің маңындағы шабуылды өз мойнына алды

ДАИШ лаңкестік ұйымының мәліметінше, оның екі мүшесі өзін-өзі жарып жіберген. Мәлімдемеде лаңкестердің көпшіліктің ортасында жарылғыш белбеулерді іске қосып, «300-ден астам шиит мүшриктерін өлтіріп, жаралағаны» айтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл лаңкестік әрекеттің бүгін ДАИШ өкілі Әбу Худайфа әл-Ансари жариялаған «Оларды қай жерде тапсаң да, өлтір» науқаны аясында жасалғаны атап өтілді.

Әл-Ансари бұған дейін барлық палестиналықтарды Израильге және оның одақтастарына қарсы Аллаһтың атымен «жалпы жиһадты» насихаттауға шақырған.

Керман қаласындағы зират жанында болған екі жарылыс салдарынан 80-нен астам адам қаза тауып, кем дегенде 280-і жараланды, деп хабарлайды ирандық БАҚ.

2024 жылдың 3 қаңтарында генерал Сүлейманидің қайтыс болғанына төрт жыл толады.

2020 жылдың 3 қаңтарында Иракта АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағы соққысынан Ислам революциясы Сақшылар корпусының (ИРГК) шетелдік бөлімшелерінің қолбасшысы қаза тапты.

Иран Жарылыс Жауапкершілік Игил
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар