Илон Маск Израильге барды
Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Израильге барды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады.
Илон Маск Тель-Авивке жеке ұшағымен келді.
Ол Израиль президенті Ицхак Герцогпен, премьер-министр Биньямин Нетанияхумен кездесіп, Газа секторы шекарасындағы ауылдарды араламақшы.
Естеріңізге сала кетейік, Илон Маск антисемитизм айыптарынан кейін Израильге баруды жоспарлағанын айтқан болатынбыз.
Қазір Израиль мен ХАМАС арасында Катардың араласуымен болған төрт күндік бітімгершілік аясында тұтқын алмасу ісі жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: