Иран: Израильге шабуылға Теһранның қатысы жоқ
БҰҰ-дағы Иран делегациясы ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылына Теһранның қатысы жоқ деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сонымен бірге Иран билігі палестиналық содырлардың шабуылын «заңды қорғаныс» деп атады.
«Біз Палестинаны қатты қолдаймыз, бірақ Палестинаның жауабына қатыспаймыз, өйткені бұл шешімді Палестинаның өзі ғана қабылдайды», - деді Иранның Нью-Йорктегі халықаралық ұйымдағы өкілдігі.
Бір күн бұрын америкалық The Wall Street Journal басылымы 2 қазанда Бейрутте өткен кездесуде Иранның барлау қызметтері Хамас содырларына шабуылды жоспарлауға көмектесіп, оған «жасыл жарық» бергенін хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: