Испанияда украин босқындарын жезөкшелікке мәжбүрлеген 5 адам ұсталды
Europol мәліметінше, Испанияда украиндық босқын әйелдерді жезөкшелікке мәжбүрлеген 5 адам қамауға алынды. Күдіктілер – Ресейдің екі, Украинаның екі, Испания азаматы әйелдерді әлеуметтік желі арқылы Испанияға туризм саласына ресми жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Испанияға келгеннен кейін қыздар Украинадағы соғыстан қашқандар үшін «уақытша қорғау» механизміне сәйкес тұруға рұқсат алды.
Осыдан кейін олардың жұмыс берушілері Андалусиядағы Эль-Эджидо қаласындағы клубтардың бірінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп атап өтті Еуропол баспасөз хабарламасында.
Зардап шеккендер қоғамнан оқшауланған үш үйде тұрақты бақылауда тұрған.
Жалпы полицейлер зардап шеккен 14 әйелді, оның ішінде Беларусь азаматтарын да анықтады.