Әлем1 қаңтар 2024, 16:00

ISW: Ресей Украинаның бейбіт қалаларына ірі шабуылдарын жалғастырады

ISW мәлімдеуінше, Ресей Украинаның бейбіт қалаларына ірі шабуылдарын жалғастыра береді, - деп хабарлайды Arbat.media.

30 адам қаза тауып, 160-тан астам адам жарақат алған Украинадағы бұрын-соңды болмаған ресейлік әуе шабуылынан кейін Соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары осыған ұқсас соққылардың тағы да істелу ықтималдығы жоғары екенін ескертті.

«Ресей украиндықтардың рухын әлсірету үшін Украинаға ауқымды шабуыл жасауды жалғастырады», - делінген ISW күнделікті есебінде.

Ресей Соғыс бейбіт қалалар Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар