Әлем31 желтоқсан 2023, 13:00

Италияда 15 мың еуро су төлемінің түбіртегін алған зейнеткер есінен танып көз жұмды

Италияда 15 мың еуродан астам коммуналдық су төлемінің түбіртегін алған зейнеткер жүрек талмасынан қайтыс болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Италияның Кампороссо қаласынан 88 жастағы Катерина Джовинаццо суды үш ай пайдаланғаны үшін 15 340 еуроға есепшот алды.
Сонымен бірге жеткізуші компания соманың жартысына жуығын есептен шығарғанын хабарлаған, сөйтіп зейнеткер барлық жинағынан айырылды.

Foto: Riviera24

Шотты алғаннан кейін Джовинаццо есінен танып қалған. 

Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізгенде, зейнеткер комаға түсіп кеткен. 

Бұл кезде жеткізуші компания есептегіштің көрсеткішін дұрыс алмай, қателесіп қыруар сомамен түбіртек жібергені белгілі болды.

«Біз кейде есепшотты жасанды интеллект арқылы тексереміз. Бағдарлама Катерина Джовинаццоның тамыз бен қазан айларында 4 182 000 литр су пайдаланбағанын байқамаған», - деді компания.

Анықталғандай, Джовинаццо суға  бар болғаны 55 еуро төлеуі керек екен, бірақ бәрі кеш еді. Зейнеткер ауруханада көз жұмды.

Сумен қамтамасыз ететін компания өздерінің жіберген қателігі үшін кешірім сұрады.

Италия Зейнеткер су түбіртегі қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар