Әлем7 маусым 2024, 2:07

Израиль Газа секторындағы БҰҰ мектеп ғимаратына соққы берді

Израиль Газа секторындағы БҰҰ мектеп ғимаратына соққы берді. IDF БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігіне (UNRWA) тиесілі Нусейраттағы мектепте Хамастың командалық пункті орналасқанын және 20-дан 30-ға дейін деп болжанған қаза тапқандардың көпшілігі немесе барлығы лаңкестер екенін айтты. Оның ішінде өткен жылдың 7 қазанында Израильге жасалған шабуылға қатысқандар да бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

The Jerusalem Post басылымының IDF-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль әскерилері соққыға дейін бейбіт тұрғындарға төнетін қауіп-қатерді азайту үшін шаралар қабылдаған.

Өз кезегінде Газа секторындағы Хамастың бақылауындағы БАҚ бөлімінің өкілі соққыдан 27 босқын қаза тапқанын, UNRWA мектебінде командалық пункт жоқ деген болжам айтты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль әуе шабуылы Газа секторының орталығында содырларға қарсы жаңа әскери жорық жариялағаннан кейін жасалған.

Соғыс жағдайында тараптардың мәлімдемелерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру әрдайым мүмкін емес.

Израиль Газа секторы БҰҰ мектеп ғимараты

Тақырыпқа жаңалықтар