Израиль: Нетаньяху болып жатқан оқиғаны соғыс деп атады
Израиль Газа секторында лаңкестікке қарсы операция бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
▪️Израильдегі зымыран шабуылдарынан 22 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланды, деп жазады The Times of Israel.
Израильдіктерді зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсыруға шақыруда.
▪️Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болып жатқан оқиғаны соғыс деп атады.
"ХАМАС бұрын-соңды болмаған құн төлейді. Мен шекарадағы елдімекендерді лаңкестерден тазартып, резервшілерді жұмылдыруды тапсырдым", - деді ол.
▪️Израиль қорғаныс күштері Газа секторында лаңкестікке қарсы «Темір қылыштар» операциясының басталғанын хабарлады.
▪️ХАМАС Израиль танкін жойып, 35-ке жуық адамды тұтқынға алды, олардың кейбірі әскерилер.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: