Әлем7 қазан 2023, 23:50

Израиль жойғыш ұшақтары Газадағы екі үйге соққы берді

Израиль өзінің жойғыш ұшақтары Газадағы екі көпқабатты үйге соққы бергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол жерде, Израиль деректері бойынша, ХАМАС қозғалысының «әскери инфрақұрылымы» орналасқан.

▪️ Бұған жауап ретінде палестиналық содырлар Тель-Авивке ондаған зымыран атқылаған. Реховот, Несс-Зион және басқа да маңайдағы қалаларда да әуе шабуылы туралы сигналдар берілді, деп хабарлайды The Times of Israel газеті.

▪️ Басылымның мәліметінше, ХАМАС шабуылдары салдарынан Израильде қазірдің өзінде 150-ден астам адам қаза тапқан. Тағы 1100-ден астамы жарақат алды.

▪️ Арабстандық Al Jazeera телеарнасы Израильдің Газа секторына жасаған әскери соққыларының салдарынан кем дегенде 198 палестиналық қаза тапқанын хабарлады.

▪️ Израиль Газа секторына электр қуатын беруді тоқтататынын елдің Энергетика министрі Иcраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Израиль сектор Газа жойғыш ұшақ соққы

Тақырыпқа жаңалықтар