Израильде Нетаньяхуға қарсы шерулер өтті
Израильде Нетаньяхуға қарсы және кепілге алынғандарды босату үшін шерулер өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тель-Авивте бірнеше мың адам көшеге шығып, билікті Хамастың 240 тұтқынды босату шараларын күшейтуге шақырды.
Бұл әрекет премьер-министр Нетаньяхуның лаңкестер ұрлап кеткен израильдіктер босатылмайынша, Израиль Газа секторындағы соғысын тоқтатпайтыны туралы мәлімдемесінен кейін орын алды.
Хамас кепілге алынғандардың орнына барлық палестиналық тұтқындарды босатуды талап етеді.
Иерусалимде бірнеше жүз адам Нетаньяхудың резиденциясына кіруге әрекеттенді.
Олар ел билігінің 7 қазандағы ХАМАС шабуылынан азаматтарды қорғай алмауына байланысты премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: