ӘлемБүгін, 11:13

Кенияда тікұшақ апатынан 7 адам қаза тапты

Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Кения билігі мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, Eurocopter EC130 B4 тікұшағы жергілікті уақыт бойынша 09:13 шамасында Самбуру округіндегі Ололокве тауында құлаған.

Тікұшақ Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан Лойсаба қорығына бағыт алған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға бойынша тергеу басталды.

Кения Апат Тікұшақ Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар