Климаттың өзгеруінен күн сайын 20 000 бала баспанасынан айырылады
Климаттың өзгеруінен күн сайын 20 000 бала баспанасынан айырылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
2016 жылдан 2021 жылға дейін климаттың өзгеруінен туындаған су тасқыны, дауыл, құрғақшылық және орман өрттері салдарынан 43 миллионнан астам бала туған жерінен қашуға мәжбүр болған.
Бұл туралы БҰҰ-ның жаңа баяндамасында айтылды.
Сарапшылар бұл деректер тек бер жағы ғана екенін және нақты саны бірнеше есе көп болуы мүмкін екенін ескертеді.
Болжамдарға сәйкес, болашақтағы климат өзгерістері бұдан да үлкен апаттарға әкелуі мүмкін.
Ол, бірінші кезекте Қытайға, Үндістанға және Филиппинге әсер етеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: