Әлем23 наурыз 2024, 0:54

Крокус-Ситидегі лаңкестік әрекет: екі күдікті ұсталды

Ресейдегі ең ірі Crocus City сауда көрмесі мен іскер орталығында теракт жасаған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media Mash басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Красногорскідегі терактіге күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы Mash ақпарат көзі хабарлады.

Сонымен қатар, Crocus City ғимаратының маңында тағы бір күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат таралуда.

Оның терактіге қатысы бар-жоғы белгісіз.

Crocus City аңкестік әрекет күдіктілер

Тақырыпқа жаңалықтар