«ЛГБТ насихаты». Грузия парламентінің басшысы даулы заңға қол қойды
Грузия парламентінің басшысы «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын даулы заңға қол қойды. Еуропалық Одақтың сынына ұшыраған заң жобасы «сараптамалық, тарихи тәжірибе және көп ғасырлық христиан, грузин және еуропалық құндылықтарға негізделген» деп жазды Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили Facebook парақшасында. Оның пікірінше, заң «барлық азаматтың құқығын, соның ішінде сөз бостандығын басқа адамдардың құқықтарын бұзбай қорғайды», - деп хабарлайды Arbat.media.
Еске салайық, Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламентке «отбасылық құндылықтар» туралы заң жобасын қайтарып берді, онда басқалармен қатар «ЛГБТ насихатына», біржынысты одақтарға және жынысты ауыстыруға тыйым салу кіреді, бірақ оған вето қоймады.
Бұл ретте заң жобасы парламент басшысы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.