«Ливерпуль» бапкері обырға шалдыққан экс-бапкерді бір күндік басшылыққа шақырды
«Ливерпульдің» бас бапкері айықпас дертке шалдыққан Англия құрамасының бас бапкерін бір күнге креслосына отыруға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жақында 75 жастағы Свен-Йоран Эрикссон айықпас қатерлі ісікке шалдыққанын және бір жылдан аспайтын өмірі қалғанын мәлімдеді.
Ол, сондай-ақ, "Ливерпульге" және оның клубтық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін айтып ағынан жарылып, өзінің ұзақ мансабында "қызылдармен" ешқашан жұмыс істемегеніне өкініш білдірді.
Сонымен бірге ол біраз уақыт «Ливерпуль» клубының басты бәсекелестерінің бірі «Манчестер Ситиді» басқарды.
Бұны естіген Юрген Клопп Эрикссонды бір күндік клубтың менеджері ретінде өзін толық алмастырып, "Ливерпульдің" жаттығу базасына келуге шақырды, деп жазады британдық The Mirror басылымы.
Швед сонымен бірге наурыз айында Амстердамның "Аяксқа" қарсы өткізетін қайырымдылық матчында «Ливерпуль» аңыздарының командасын басқарады.