Әлем10 қазан 2023, 9:30

Максим Галкин отбасымен Израильде қалатын болды

Максим Галкин отбасымен бірге Израильде қалатынын, тіпті басқа елге кету мүмкіндігін қарастырмағанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Израильге қиын күндері біз осындамыз. Басқа жаққа кету мүмкіндігін қарастырған емеспіз. Әуе компаниялары қорқып, қауіптенгенімен, ұшып жатыр. Кетіп қалуға болар еді, алайда ешқайда бармаймыз. Алла және балаларымызбен, қиын кезеңде Израиль халқына қолдау көрсеткіміз келеді.

Менен неге майданда жүрмегенімді сұрап жатыр. Егер Израиль әскерінде қызмет етсем, Израильді қорғайтындай бір негіз болса, барар едім. Бірақ мен қан тапсырамын. Орыс тілді израильдіктерге осындай қиын кезде Алла екеуіміздің осында екеніміз маңызды. Паспорт қажет деп тұрып жатқан жоқпыз. Осында келгенде балаларды иврит тілінде оқытатын мектепке апардым. Бізде америкалық дипломатиялық мектепке беретін мүмкіндік болды. Бірақ мен балаларымның израильдіктер сияқты иврит тілінде сөйлегенін қаладым. Мен де тіл үйреніп жатырмын», - деп толықтырды Максим Галкин.

Максим Галкин Отбасы Израиль

Тақырыпқа жаңалықтар