Үсік жүреді: Синоптиктер дауылды ескерту жариялады
«Қазгидромет» бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарын, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарын тұман басуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы мен Жамбыл облыстарында түнде –1…–6°C, Жетісуда –1°C-қа дейін, Түркістан мен Қызылорда облыстарында –3°C-қа дейін үсік жүреді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: