Әлем9 қазан 2024, 12:02

Моңғолияда қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды

Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты сейсенбі күні қарлы боран туралы ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 8 қазанға қараған түннен бастап батыс, орталық және Гоби аймақтарында, 9 қазанда елдің шығыс облыстарында қарлы боран соғып, кейіннен Моңғолия аумағының басым бөлігінде қар жауады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Желдің жылдамдығы 14-16 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты қарлы боранға және ауылдық жерлерде жолдың көрінбеуіне Ұлан-Батор тұрғындарын аймақтарға сапарға шықпауға, ал моңғол көшпелі малшыларын жайылымдық жерлерде мал бағуда қырағы және сақ болуға шақырды.

Моңғолия синоптиктер Қар қарлы дауыл
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар