НАТО елдері қару өндірісін кеңейтпек
НАТО елдері қару өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. 9-11 шілде аралығында Вашингтонда өтетін НАТО-ның алдағы саммитінде әскери-өнеркәсіп кешенін нығайту жоспары ұсынылады. Альянс өкілінің айтуынша, жоба қорғаныс техникасының өндірісін ұлғайтуды ғана емес, сонымен қатар «соғыстың нәтижесі үшін шешуші» қару-жарақ сатып алу бойынша бірлескен жобалардың санын арттыруды қамтиды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған, мысалы, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар, дәлдікпен басқарылатын снарядтар және 155 мм артиллериялық оқ-дәрілер кіреді.
Қажетті инвестицияның нақты көлемі НАТО келісімінде көрсетілмеген, бірақ сарапшылар әңгіме ондаған, тіпті жүздеген миллиард еуро туралы болып жатқанын атап өтеді.
Саммитте сондай-ақ альянсқа мүше жекелеген елдердің қорғаныс қабілеті мен Украинаны қолдау бойынша жауапкершілікті неғұрлым әділ бөлу талқыланады.