Әлем•Бүгін, 16:25

Непалда су тасқыны екі ауылды қиратып, бес адам жоғалып кетті

Непалдың орталық бөлігіндегі Горкха ауданында су тасқыны болып, бес адам із-түзсіз жоғалды. Табиғи апаттан екі ауыл толық қирап, бірнеше көпірді су шайып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тасқын салдарынан 204 үй зардап шеккен. Апат 650-ден астам тұрғынға әсер етіп, елді мекендерге елеулі зиян келтірді. Көпірлердің қирауы ауылдар арасындағы қатынасты да қиындатқан.

Тасқынның нақты неден басталғаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжамдардың біріне сәйкес, өзен арнасы бітеліп, жиналған су кейін төмен қарай лап қоюы мүмкін. Мұздықтың опырылуы да ықтимал себептердің қатарында қарастырылып отыр.

Непал Су тасқыны Із-түссіз мұздық

Тақырыпқа жаңалықтар