Нетаньяху: Гаага да, зұлымдық түйіні де Израиль күресін тоқтата алмайды
Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың мәлімдеуінше, Гаага да, зұлымдық түйіні де Израильдің күресін тоқтата алмайды- деп хабарлайды Arbat.media.
Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысының 100-ші күні қарсаңында Израиль премьер-министрі лаңкестермен күрес «толық жеңіске жеткенше» жүргізілетініне тағы да сендірді.
«Бізді ешкім тоқтата алмайды - Гаага да, зұлымдық түйінң де, ешкім», - деді Беньямин Нетаньяху Оңтүстік Африканың Халықаралық сотқа берген геноцид туралы талап арызына сілтеме жасай отырып.
Нетаньяху африкалық елдің әрекетін «еврейлерге қарсы кезекті Холокост жасау үшін келгендердің бұйрығымен Холокосттың күлінен пайда болған еврейлер мемлекетіне жасалған екіжүзді шабуыл» деп атады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: