Олаф Шольц Германиядағы шерулерді айыптады
Олаф Шольц Германиядағы палестиналықтарды жақтаған шерулерді айыптады, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Біз бұл жерде, қалаларымыздың көшесінде Израильге жиіркенішті шабуылдың тойлануын қабылдамаймыз. Осыншама адамдардың қайғы-қасіреті, жойылуы, өлімі ешкімнің қуанышына себеп бола алмайды", - деп келтіреді dPA агенттігі Германия канцлерінің сөзін.
Шольц тағы да «Германияның Израиль жағында берік және мызғымас екенін» атап өтті және радикалды Хамас қозғалысының әрекеттерін айыптайды.
Сондай-ақ Германия канцлері Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауын Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сиси, АҚШ президенті Джо Байден, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен телефон арқылы егжей-тегжейлі талқылайтынын хабарлады.
«Біз бұл шабуылдың орман өртіне айналмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», - деді Шольц.
Берлиннің Нойкёльн ауданында 7 қазан күні кешке 50-ге жуық адам Палестинаны қолдайтын шеруге жиналған болатын.
Instagram желісінде Samidoun желісі жариялаған видеода жиналғандардың Израильге қарсы ұрандар айтып жатқаны көрсетілген. Белсенділер сонымен қатар «Палестина қарсыласуының жеңісінің құрметіне» өтіп бара жатқан адамдарға нан өнімдерін таратқан.