Әлем16 сәуір 2024, 14:52

Париж Олимпиадасының алауы ресми түрде тұтанды

Грекияның Олимпия қаласында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды. Салтанатты шараға Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, Париж мэрі Анн Идальго және басқа да ресми тұлғалар қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алғашқы эстафеталық алауды ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускос алды.

Грекиядан бастау алған эстафета 8 мамырда Францияның Марсель қаласына жеткізіледі. Алауды барлығы 600-ден астам адам алып жүреді.

Эстафетада Ласко үңгірі, Алезиядағы археологиялық қазбалар, ортағасырлық Каркасонна қаласы, Версаль сарайы және басқа да тарихи-мәдени әрі көрікті жерлер қамтылмақ.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде Парижде өтеді.

 

Париж Олимпиадасы алау Олимпия қаласы ресми шара

Тақырыпқа жаңалықтар