Парижде француз әскерін Украинаға жіберуге қарсы наразылық акциясы өтті
Парижде француз әскерін Украинаға жіберуге қарсы наразылық акциясы өтті. Эйфель мұнарасының алдынан бес табыт пен «Украинадағы француз солдаттары» деген жазуы бар баннер табылды. Табыттардың ішінде гипс салынған қаптар болған, деп хабарлады жергілікті БАҚ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Франс Пресс агенттігі арандатушылық әрекет жасады деген күдікпен ұсталғандар - бұл Болгария, Германия және Украина азаматтары деп жазады.
Париж прокуратурасы «шетелдік араласуды» тергеп жатыр.
Еске салсақ, 30 мамырда президент Эмманюэль Макрон Франция жақын арада Украина әскери қызметкерлерін оқыту үшін өзінің әскери нұсқаушылар тобын Украинаға жіберуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: