Әлем2 желтоқсан 2023, 3:59

Польша, Латвия, Литва президенттері БҰҰ саммитінде бойкот жариялады

Польша, Латвия және Литва президенттері Лукашенконың кесірінен Дубайдағы БҰҰ саммитінің топпен фотоға түсуге бойкот жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Литва президенті Гитанас Науседаның мәлімдеуінше, Лукашенко біз мүше болғымыз келетін "отбасына" жатпайды. 

«Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының алаңына айналған мемлекет басшысымен иық тірестіріп бірге тұру және әлемнің болашағы мен климаттың өзгеруін, ештеңе болмағандай талқылау екіжүзділік болар еді» - деді ол.

Александр Лукашенко Дубайда өткен БҰҰ-ның COP28 климаттық саммитіне қатысқан еді.

Еуроодақ пен әлемнің көптеген елі Лукашенконы Беларусьтің заңды президенті деп танудан бас тартқан.

Тақырыпқа жаңалықтар