Әлем26 наурыз 2024, 3:30

Путин: Ресей билігі «тапсырыс берушіні» анықтауға мүдделі

Путин "Крокустағы" теракт «радикалды исламшылардың қолымен» жасалды, бірақ Ресей билігі «тапсырыс берушіні» анықтауға мүдделі деді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Концерт залына шабуыл жасады деп айыпталғандар неліктен Украинада жасырынуға тырысты және «оларды сонда кім күтіп тұрды» деген сұрақтарға жауап беруіміз керек», - деді Ресей президенті 2012 жылғы терактіден кейін қабылданған шаралар туралы кеңесте.

Владимир Путин бұл «жауыздық 2014 жылдан бері «Киев режимінің қолымен» Ресей Федерациясымен соғысып жатқандардың әрекеттерінің тұтас тізбегінің буыны болуы мүмкін» деген пікірін білдірді.

Ресей басшысы «бұлар» деп нақты кімді айтып отырғанын нақтыламады.

Ресейдің арнайы қызметтері, сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин шабуылды "Вилаят Хорасан" лаңкестік тобы дереу өз мойнына алғанына қарамастан, Crocus City Hall ғимаратына жасалған шабуылда «украиндық із» нұсқасын таратуда.

Германия мен АҚШ-та лаңкестік әрекетті «Ислам мемлекеті» ұйымы ұйымдастырды деп есептейді.

Путин тапсырыс беруші Crocus City Hall
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар