ӘлемБүгін, 10:15

Қазақстандық турист Қытай мен Непалдағы су тасқынынан кейін іздестіріліп жатыр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай мен Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін қазақстандықтарға қатысты ақпаратпен бөлісті,деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткен. Қазіргі уақытта оның нақты қайда екені белгісіз. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Associated Press (AP) агенттігінің мәліметінше, апат салдарынан 270-тен астам адам қаза тауып, 1300-ден астам адам із-түзсіз жоғалған.

Еске салайық, Қытай мен Непалда болған су тасқынынан кейін мыңдаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында саналады.

Қытай Непал Су тасқыны туристер

Тақырыпқа жаңалықтар