Қытай Ресейден мұнай сатып алуды айтарлықтай қысқартты
Фото: Yegor Aleyev/TASS/dpa/picture alliance
Yegor Aleyev
Әлем21 тамыз 2024, 2:00

Қытай Ресейден мұнай сатып алуды айтарлықтай қысқартты

Қытай Ресейден мұнай сатып алуды айтарлықтай қысқартты. Ресей Федерациясынан Қытайға жеткізілетін мұнай көлемі тәулігіне 1,76 миллион баррельге дейін төмендеді. Бұл 2022 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі көрсеткіш. Ресейдің Қытайға мұнай импортының қысқаруы жылдың екінші тоқсанында басталып, кейін жеделдей түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сарапшылар мұны Қытайда жанармайға деген сұраныстың төмендеуімен түсіндіреді.

Дегенмен, Пекин Сауд Арабиясы мен Малайзиядан мұнай сатып алуды арттыруда.

Қытай ресейлік мұнайдың ең ірі сатып алушысы болып табылады және бұл елге импорттың төмендеуі Мәскеудің шетелге жанармай сатудан алатын кірісіне әсер етті.

Шілде айында Ресей Федерациясының мұнай экспортынан түсетін айлық кірісі тәулігіне 656 миллион еуроны құрап, жылдық минимумға айналды деп бағаланады.

Қытай Ресей Мұнай Экспорт қысқару

Тақырыпқа жаңалықтар