Әлем4 қаңтар 2024, 16:12

Қытайлық электр көлік өндірушісі Tesla-дан асып түсті

Қытайлық электр көлік өндірушісі сатылған көлік саны бойынша Tesla-дан бірінші рет асып түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінгі таңда әлемдегі ең ірі электр көлік өндірушісі Tesla 2023 жылдың төртінші тоқсанында қытайлық бәсекелес BYD-ге көшбасшылық позициясын жоғалтты.

Қазаннан желтоқсанға дейін Tesla бүкіл әлем бойынша 484 507 электр көлігін сатты.

Бұл үшінші тоқсанмен салыстырғанда 11% жоғары.

Дегенмен,  BYD төртінші тоқсанда сатылған 526 409 электр көлігімен бұл көрсеткіштен асып түсті.

Тек бір жылдың ішінде Tesla 2023 жылға арналған көздеген мақсатынан асып, 1,8 миллион электр көлігін сатқан.

BYD соңғы 12 айда 1,6 миллион электр көлігін сатып, америкалық компанияның желкесінен төніп келеді.

Қытайлық бәсекелестің жалпы сату өсімі өткен жылмен салыстырғанда 62% құрады.

Tesla Қытай BYD Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар