Әлем15 желтоқсан 2023, 12:00

Ресей Авдеевкада 1 шаршы км-де 1000-нан астам әскерін жоғалтты

Ресей Федерациясы Авдеевкада 1 шаршы шақырымда 1000-нан астам әскери қызметкерін жоғалтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Авдеевкадағы екі айлық шабуылда орыс әскері 11,1 шаршы шақырым аумақты басып алу кезінде 13 мың солдаты мен офицері қаза тауып, жараланды. Осылайша Ресей Федерациясының шығыны 1 шаршыға километрде  1000 адамнан асты.

Бұл туралы Ақ үй осы аптада құпиясын ашқан АҚШ барлау деректеріне сілтеме жасаған Соғысты зерттеу институтының (ISW) аналитикалық шолуында айтылған.
 
Авдеевка маңындағы шабуыл кезінде ресейлік әскерлер солтүстік және оңтүстік қапталда екі шақырымға дейін ілгерілей алды, дейді ISW бас сарапшысы Джордж Баррос.

Оның мәліметінше, шабуылдың бірінші айында ресейліктер 220-ға жуық әскери техникасынан айырылған.
 
Хабарламаға сәйкес, ауқымды соғыс кезінде Ресейдің Украинадағы қаза тапқандар мен жараланғандардың жалпы шығыны 315 мың әскери қызметкерді құрады.

Украинаға қарсы соғыс басталғанда Ресей армиясында 3500 танк болса, оның 2200-і жарасыз күйге түскен. Сонымен қатар 13600 жаяу әскердің жауынгерлік техникасы мен бронетранспортерлерінің 4400-і жойылды, бұл жалпы көлемнің 32% құрайды.

Соғыс жағдайында бұл сандарды ресми дереккөздерден тексеру мүмкін емес. Ресей мен Украина өз шығыны туралы мәлімет бермейді.

Ресей армиясы Авдеевка Шығын

Тақырыпқа жаңалықтар