Әлем17 қазан 2024, 14:34

Ресей Федерациясынан дезертир алты азамат Францияда уақытша виза алды

Ресей Федерациясынан дезертир алты азамат Францияда уақытша виза алды. Бұл олардың саяси баспана туралы өтініші қаралғанша Францияда қалуға мүмкіндік береді. Алты дезертир Францияға бөлек және әртүрлі уақытта ұшса да, құқық қорғаушылар мұны Еуроодақ елдерінің дезертирлер тобын алғаш рет қабылдауы деп атайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылы Францияның Ұлттық баспана соты (CNDA) Ресей армиясынан қашқандар мен жұмылдырудан қашқан ресейліктер елде босқын мәртебесін алуға құқылы деп шешті.

AFP 2024 жылдың маусымында түсіндіргендей, содан бері CNDA мобилизациядан қашқан 102 ресейлікке осындай мәртебе берді.

Бірақ олардың арасында дезертир болған жоқ.

Ресей дезертир Франция виза
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар