Ресей Киевке баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады
Ресей Киевке баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Таңға жуық Киев Ресейдің зымырандық шабуылына ұшырады.
Украина қарулы күштерінің мәліметінше, Брянск облысынан Украина астанасына сегіз баллистикалық зымыран атылған. Олардың барлығы атып түсірілді.
Қалада әуе шабуылы дабылы жарияланып, жарылыстар естіледі.
Киев билігінің алдын ала мәліметі бойынша, құлатылған зымырандардың қалдықтары бірнеше тұрғын үйді зақымдап, құрбан болғандар бар.
Украина Қарулы күштерінің Әскери-әуе күштері хабарлағандай, түнде Украина бойынша Шахед типті 18 ұшқышсыз ұшақ ұшырылды. Бәрін атып түсірді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: