Ресей соғысқа қатысушыларға төленетін әлеуметтік төлем мәліметін жасырып тастады
Ресей Федерациясы соғысқа қатысушыларға төленетін әлеуметтік төлем туралы мәліметтерді жасырып тастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей Зейнетақы қорының қызметкерлері басшылықтан соғысқа қатысушыларға төленетін әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтерді жариялаудың «қажеттігі жоқ» деген хат алды.
Жарияланған барлық ақпаратты жоюға бұйрық берілді, деп хабарлайды “Важные истории" интернет-басылымы.
Әңгіме қаза тапқан әскери қызметкерлердің немесе мүгедектік алған соғыс ардагерлерінің отбасыларына төленетін төлемдер туралы деректерді жариялайтын Бірыңғай мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру ақпараттық жүйесі туралы болып отыр.
Мұндай ақпарат Ресейдің Украинадағы шығынының ауқымын түсінуге мүмкіндік берер еді, дейді журналистер.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: