Әлем2 қаңтар 2024, 4:48

Ресей Украинаға көптеген дронмен шабуыл жасады

Ресей жаңа жыл түні Украинаға рекордтық мөлшерде дронмен шабуыл жасады. Бұл туралы Украина қарулы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
 Әуе қорғанысы күштері ұшырылған 90 дронның  87-сін атып түсірген.

Сондай-ақ Харьков, Херсон және Запорожье облыстарына түрлі зымыран жіберілген.

Шабуылдан Одессада бір адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды. Дронның сынықтары көпқабатты үйге түсіп, сол жерде өрт шықты, деп хабарлады Одесса облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Кипер.

Львовта дрон аппараттары ұлттық ескерткіштің екі нысанына түскен. Дубляндардағы университет пен Белогорщедегі Роман Шухевичтің мұражайы толығымен өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.

1 қаңтарға қараған түні Донецк бірнеше зымыран жүйесінен атқыланды, деп аталған «ДХР» басшысы Денис Пушилин мәлімдеді.

Оның айтуынша, 4 адам қаза тауып, 13 адам жараланған.

Атап айтқанда, «Донбасс палас» қонақүйі атқылаудың астында қалған. 

Ресей Дрон Шабуыл Украина

Тақырыпқа жаңалықтар