Әлем2 қаңтар 2024, 17:00

Ресейден ЕО-ға алмаз әкелуге тыйым салу күшіне енді

Ресей Федерациясынан ЕО-ға алмаз бен гауһар тастарды әкелуге тыйым салу күшіне енді, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
1 қаңтардан бастап Еуропа елдеріне табиғи және синтетикалық алмаз бен зергер бұйымдағы гауһар тастарды Ресейден әкелуге тыйым салынады.

Бұл Брюссельдің Мәскеуге қарсы 12-ші санкциялар пакетінің шараларының бірі.

1 наурыздан бастап үшінші елдерде өңделген ресейлік алмаздарға эмбарго енгізіледі.
 
Сарапшылардың айтуынша, Ресей алмаз саудасынан жыл сайын 3,7-ден 4,6 миллиард еуроға дейін табыс табады.
 
Сонымен қатар, 12-ші санкциялар пакеті ресейлік мұнайдың үшінші елдерге экспортына бағаның шекті деңгейін қатайтады және Ресей Федерациясынан литий батареяларын, термостаттарды және бірқатар санаттағы химиялық өнімдерді импорттауға тыйым салады.

Ресей Еуроодақ гауһар тастар тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар