Placeholder
Фото: Reuters
Reuters
Әлем3 қыркүйек 2024, 15:45

Румыния Украинаға "Патриот" әуе қорғаныс жүйесін бермек

Румыния үкіметі "Патриот" әуе қорғаныс жүйесін Украинаға беруді мақұлдады, деп хабарлайды Reuters. Соңғы шешімді енді ел парламенті қабылдауы керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Маусым айында Румыния билігі өздерінің екі қолда бар Patriot қондырғыларының бірін одақтастар оны ұқсас әуе шабуылына қарсы қарумен алмастырған жағдайда Украина қарулы күштеріне беретінін айтқан.

Вашингтонда өткен НАТО саммитінде альянсқа мүше елдер әуе қорғанысының бес жүйесін Киевке бірлесіп беру туралы келісті.

Бұл бастамаға Румыния қатысуда.

Германия бұған дейін Украинаға үш Patriot қондырғысын берген болатын.

румыния Патриот Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар