Си Цзиньпин Таяу Шығыстағы жағдайдың ушықтырмауға көмектесті - Трамп
АҚШ президенті Трамп Иранмен жасалған келісімнен кейін Ормуз бұғазы халықаралық кеме қатынасы үшін тұрақты түрде ашық болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл әлемдік мұнай тасымалының қалыпты жұмыс істеуіне жол ашады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Трамп The New York Times басылымына берген сұхбатында Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин жағдайды ушықтырмауға үлес қосқанын атап өтті. Әсіресе Қытайдың Иранға қатысты теңіз қақтығысына араласпағанын оң бағалады.
Сонымен қатар ол Израиль премьер-министрі Нетаньяхуді сынға алып, оның әрекеттері АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қауіп төндіргенін айтты.
Трамп пікірінше, Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу - Таяу Шығыстағы тұрақтылықтың негізгі шарты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: