Шольц жаңа мүшелер қабылданғанға дейін ЕО-да реформалар жүргізуге шақырды
Шольц жаңа мүшелер қабылданғанға дейін ЕО-да реформалар жүргізуге шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Германия канцлері Гранададағы саммитте Еуроодақтағы басқару және шешім қабылдау жүйесін реформалауға шақырды. Шольц Еуроодақтың сыртқы және салық саясаты бойынша шешімдерді қазіргідей бірауыздан емес, көпшілік дауыспен қабылдау керек деп санайды.
Сондай-ақ, Еуропалық Одаққа жаңа мүшелерді қабылдамас бұрын, Еурокомиссияның болашақ құрамы мен Еуропарламенттегі орындарды бөлу мәселесін талқылау қажет, деп санайды Шольц.
ЕО «комиссияны жай ғана кеңейтіп, жаңа министрліктер ойлап таба алмайды», - деді ол.
Айта кетейік, Еуроодаққа кіруге Украина, Молдова, Түркия, Албания, Босния және Герцеговина, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия, Грузия және Косово өтініш жіберген болатын.