Стубб: Қытай Украинадағы соғысты бір қоңыраумен-ақ тоқтатар еді
Қытай Украинадағы соғысты бір телефон қоңырауымен аяқтауы мүмкін, деді Финляндия президенті. Бейжіңнің Мәскеуге ықпалы Батыстың қатаң экономикалық санкциялары жағдайында Ресей Федерациясының Қытайға тәуелділігінің артуына байланысты, деді Александр Стубб Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Финляндия президентінің айтуынша, Ресей қазір Қытайға тәуелді болғандықтан, Си Цзиньпиннің бір телефон қоңырауы бұл дағдарысты шешеді.
Егер ол: «Бейбіт келіссөздерді бастау уақыты келді» десе, Ресей мұны істеуге мәжбүр болады. Олардың басқа таңдауы болмайды.
Елі 2023 жылдың сәуірінде НАТО-ға кірген Стубб Украинадағы соғысты бейбіт жолмен шешуге делдал болу Қытайдың мүддесіне сай екенін айтты.
«Егер Қытай шынымен үйлесімді халықаралық қатынастарға мүдделі болса, ол Ресей сияқты елдің тәуелсіз елге қарсы империялық, агрессиялық, отаршылдық соғыс жүргізуіне жол бере алмайды. Бұл дұрыс әрекет болар еді. Бұл сонымен қатар Қытайдың көшбасшылығын көрсетеді», - деді Стубб.
Еске салсақ, 2024 жылдың мамыр айында Си Цзиньпин Бейжіңде Путинді қабылдап, Қытайдың Ресей мен Украинаның қатысуымен халықаралық бейбітшілік конференциясын өткізуге ниетті екенін айтқан болатын.
Алайда маусым айында Швейцарияда Ресей шақырылмаған украиналық бейбіт конференцияға Қытай қатыспады.