Удмуртияда зымыран шығаратын зауыттың жанында жарылыс болды
Удмуртияда зымыран шығаратын зауыттың жанында жарылыс болды, Көкжиектегі қуатты жарқылдың видеоларын әртүрлі әлеуметтік желі қолданушылары жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жарылыс «Тополь-М», «Искандер-М» және «Точка-У» зымырандары шығарылатын Ижевск маңындағы Воткинск зауытында болуы мүмкін.
Кейінірек ТАСС мемлекеттік агенттігі Завьяловск ауданының Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне сілтеме жасап, оқиғаның «зымыран қозғалтқыштарын сынауға» байланысты екенін хабарлады.
Mediazona-ның хабарлауынша, кешке Удмуртияның Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-да зауыттағы жарылыс болғанын растамағанын, кейін жазба жойылғанын жазған.
Жаңа есепте аймақта «әлеуметтік маңызды оқиға» болмағаны айтылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: