Әлем1 шілде 2024, 17:00

Украин шекарашысы сойылмен шабуылдаған адамды атып өлтірді

Украинаның Черновцы облысында, Румыниямен шекаралас жерде екі адам шекарашыға шабуыл жасаған. Шекарашы оларға жауап беріп, біреуін жаралап, біреуі қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Украина Мемлекеттік шекара қызметінің спикері Андрей Демченко мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқиға 29 маусым күні кешкі уақытта болған.

Украиналық журналист Виталий Глаголийдің айтуынша, шабуыл жасағандардың қолында сойыл мен газ баллоны болған.

Қылмыскерлердің ұлты туралы мәлімет жоқ.

Украин шекарашысы Шабуыл Адам өлімі Черновцы облысы

Тақырыпқа жаңалықтар