Әлем28 тамыз 2024, 15:34

Украина армиясы Курск облысындағы 100 елді мекенді басып алды

Украина армиясы Курск облысындағы 100 елді мекенді басып алды. Бұл туралы Александр Сырский «Украина 2024. Тәуелсіздік» форумында айтып, 600-ге жуық ресейлік сарбаздың тұтқынға алынғанын айтты. Бас қолбасшының айтуынша, Украина қарулы күштері Курск облысының 1294 шаршы шақырымын бақылауда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, Сырский Ресей армиясының қолбасшылығы Курск бағытына 30 мыңға жуық жауынгерді орналастырғанын және «бұл көрсеткіш өсіп келе жатқанын» айтты.

Украина армиясы Курск облысы 100 елді мекен

Тақырыпқа жаңалықтар