Әлем4 желтоқсан 2023, 10:12

Украина майданға жаппай мысық жіберіп жатыр

Украина тышқан, егеуқұйрық және жыландармен күресу үшін майданға жаппай мысық жіберіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Майданнан түсірілген көптеген видео мен фотосуреттерде кеміргіш пен жыландардың қаптап кеткені Украина армиясы үшін де, Ресей басқыншы күштері үшін де күрделі мәселеге айналғанын көрсетеді.

Жарияланған видеолардың бірінде екі үлкен жыланмен тұрған украин сарбазы бейнеленген. Ер адам досына қонаққа әйелі мен енесі келді деп қалжыңдайды. Басқа видеоларда тышқандар матрастың астынан, сөмкелерден жыбырлап шығып жатыр. 

Тышқандар мен егеуқұйрықтар әскерилердің ұйқысына кедергі келтіріп, тістелеп, азығын жеп, тамақты аралап, тіпті қаруға дейін кемірген.

Бұл туралы Украина қарулы күштері әскери қызметшілерінің бірі украин телевизиясында былай деп айтты: «Оянған кезде ұйықтайтын қапшыққа кіріп кеткен екі-үш тышқанды ұстайсың. Саусағыңды тістелегі мазаңды қашырады».

Еріктілер кеміргіштерді аулау үшін қайырымдылық жинап жатқанда, әскерилер басқа шешім тапты. Ол — мысықтар. Тек мысықтар ғана жауынгерлерге кеміргіштермен күресуге көмектеседі.

ФОТО: BILD

Украина майдан мысықтар тышқандар

Тақырыпқа жаңалықтар